KZ

Саяхатшының дәрі қобдишасы: Өзіңмен бірге шетелге не алу керек

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Дәрі қобдишасы тек үйде ғана емес, саяхат жасағанда да қажет. Тиісті дәрі-дәрмек кез келген уақытта қасыңнан табылса, тыныш демалуға мүмкіндік аласың. Препараттарды өзіңмен бірге алып кеткен дұрыс па, әлде сол жақтан сатып алу қажет пе? Қандай дәрілерді алған абзал? Оларды шекарадан қалай өткізуге болады? Қанеки, бәріміз бірге саяхатшы қобдишасы қандай болу қажет екенін білейік.

Саяхатшының дәрі қобдишасы: Өзіңмен бірге шетелге не алу керек

Фото: pixabay.com

Алғашқы көмек дәрі қобдишасы: Саяхатшының дәрі қобдишасында не болу керек?

Адамның денсаулық жағдайы мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып даярланатын медициналық препараттардың базалық жиынтығы бар.

  • ыстық түсіретін дәрілер;
  • диареядан препараттар;
  • Сулы-электролитті және қышқыл-сілтілі балансты қалпына келтіру үшін - құсу, диареяның ұзақ ұстамалары немесе жоғары ауа температурасы бар елдерде қатты тер бөлінуі кезінде пайдаланылатын заттар.
  • Тағамдық улану жағдайындағы сорбент - әдетте белсендірілген көмір негізіндегі препараттар қолданылады;
  • Тербелгенде жүрек айнуға қажетті дәрі;
  • Масалардың, кенелердің және басқа да жәндіктердің шағуына қарсы құралдар;
  • Тамақтану кезінде жағдайды жеңілдетуге көмектесетін ферменттер жиынтығы;
  • Мұрын бітелуінен құтылу үшін тамшылар немесе спрей;
  • Тамақтың ауыруынан соратын мұздықтар;
  • Жөтелге қарсы препараттар.
  • Бинт, мақта таяқшалары және дискілер.

Дұрыс жиналған дәрі қобдишасы кез келген елде демалыты барынша ыңғайлы және тыныш өткізуге көмектеседі. Міндетті заттарды есептемегенде, медициналық жиынтықққа препарат енгізгенде мынаны ескеру керек:

  • Жас санатының сәйкестігі;
  • Егер мұндай бұзылулар бар болса, созылмалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің болуы;
  • Аллергиядан, қысымның тез өзгеруіне және жүрек іркілістеріне қарсы дәрілердің болуы.

Демалатын елде кейбір препаратқа тыйым салынуы мүмкін. Сондықтан, өзіңізбен саяхатқа не алуға болатынын алдын ала білу керек.

Неге дайындалу қажет екенін алдын ала түсіну үшін бос уақытты өткізу жолдарын да ескеріңіз. Мысалы, көп серуендеуді жоспарласаңыз, жапсырғыш зат алуды ұмытпаңыз. Әдетте туристер ылғалды мүйізгектен (мозоль) зардап шегеді, сондықтан қосымша дәрі қобдишасына антисептикалық дәрі алыңыз. Ол мүйізгек пайда болған жағдайда көмектеседі.

Теңізге жақын орналасқан жылы елдерде саяхаттауды жоспарлағанда ұдайы күн астында жүретініңізді түсіну қажет. Сондықтан, күнге күюге дейін және кейін қолданатын кремді жеткілікті түрде алған абзал. Саяхатта қып-қызыл теріге қол жеткізуді мақсат етсеңіз де, SPF 30-50 күннен қорғайтын факторы бар кремдерді қолданыңыз. Бұл көшеде жоспарлағаннан көп уақыт жүргенде көмектеседі. Күннен қорғайтын кремдер ең бірінші зардап шегетін мұрын мен арқаның күюінен сақтайды.

Саяхатшының дәрі қобдишасы: Өзіңмен бірге шетелге не алу керек

Фото: pixabay.com

Азиядағы елдерге саяхат жасасақ, тамақтан улану кезінде алғашқы көмек көрсететін дәрі-дәрмектерді аламыз. Себебі, ағзаңыз жергілікті деликатестерге теріс жауап қайыруы мүмкін. Бұл саяхатта антисептиктерден, әсіресе қолды залалсыздандыратын құралдардан бас тартпаған дұрыс.

Егер турда белсенді ойын-сауық, шаңғымен немесе сноубордпен сырғанау көзделген болса, дәріханалық жиынтыққа көбірек таңу материалдарын қосуға кеңес береміз. Бұлшық ет пен байламдардың созылуы кезінде көмектесетін серпімді бинт және дәрі-дәрмектер қосыңыз. Қабынуға қарсы дәрілер, спрей түріндегі анальгетиктер, гель мен жақпа май алған абзал.

Ректальді және вагинальды суппозиторийлер

Саяхатшының дәрі қобдишасы: Өзіңмен бірге шетелге не алу керек

Бұл преператтар түрлі гинекологиялық, урологиялық және проктологиялық ауруларды емдеу үшін қажет. Суппозиторийлерді циститте, простатитте немесе геморрой кезінде қолданады.

Саяхатшының дәрі қобдишасында кез келген жағдай үшін Қызыл маймен шырғанақты суппозиторийлер болуы тиіс. Ректалды және вагиналды суппозиторийлерді тоңазытқышта сақтауға ұсынылады.

Өйткені, бұл препараттың белсенді заттары майдың екі түрі - полифит және шырғанақ болып табылады.

Шырғанақ майы, мысалы, қабынуға қарсы әсер береді және ауырсынуды басады. Сондай-ақ, зақымдалған тіндердің қалпына келуін ынталандырады.

Аталған майлардан басқа, суппозиторийлердің құрамына 15 химиялық дербес құрылымнан тұратын ара балауызы кіреді.

Қызыл май бар шырғанақ суппозиторийлері арқылы кешенді емдеу жоғарыда аталған барлық компонентті біріктірудің арқасында жұмсақ және ешқандай жанама әсерсіз өтеді.

Дәрігерлер әдетте аурудың дәрежесіне қарай 1 суппозитторийден күніне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы бір аптадан он күнге дейін өзгереді.

Айта кетейік, препарат дәріханаларда дәрігердің рецептінсіз беріледі. Ал оны жүкті әйелдерге де қолдануға рұқсат.

Шетелге өзіңмен бірге не апарудың қажеті жоқ?

Саяхатшының дәрі қобдишасы: Өзіңмен бірге шетелге не алу керек

Фото: pixabay.com

Дәрілік препараттарды басқа елдерге шекара арқылы өткізу үшін оларға қойылатын шектеуге назар салу қажет. Бұл кедендегі мәселелерден құтылуға көмектеседі. Сол үшін төмендегі дәрілерді тасымалдаудан бас тартуға кеңес береміз:

  • құрамында есірткі компоненттері бар ауыруды басатын, күшті әсер ететін дәрі-дәрмектер;
  • ауруды тудырған вирустардың жеке ерекшеліктеріне және түріне байланысты дәрігер ғана жазып бере алатын антибиотиктер;
  • безгекке қарсы дәрі-дәрмектер- бұл ауруды өз бетінше емдеуге болмайды, себебі дәрі-дәрмектер қарсы көрсетілімдер мен жанама әсерлерге ие;
  • ұйықтататын дәрі;
  • депрессиялық жағдайларды және басқа да нерв-психологиялық бұзылуларды емдеуге арналған дәрілер;
  • салмақты бақылау және тәбетті төмендету үшін дәрі-дәрмектер.

Егер аталған дәрі-дәрмектерді міндетті түрде шетелге алып шығу қажет болса, онда кеденде барлық заттар үшін декларация толтыру қажет. Бұлд алдағы уақытта көп проблемадан қашуға көмектеседі.

Саяхатшының дәрі қобдишасы: Өзіңмен бірге шетелге не алу керек

Фото: pixabay.com

Алғашқы көмек дәрі-дәрмектерінің стандартты жинағы қарапайым, кеденшілер оған рұқсат етеді. Басты ереже-ұстамдылық.

Препараттардың саны жоспарланбаған кідірістерді ескере отырып, адамға немесе жанұяға демалған уақытта қажет болуы мүмкін нормаға сәйкес болуы тиіс.

Ұйықтататын, күшті әсер ететін әрі ауырсынуды басатын немесе басқа рецептуралық заттарды қабылдайтын адамдар үшін келесі нұсқаулықты орындау қажет:

  • Нақты препаратты саяхат жоспарланған елге әкелуге шектеуді нақтылаңыз. Мысалы, АҚШ-та тәуелділік тудыратын құрамдас бөліктері бар дәрі-дәрмектерге тыйым салынған.
  • Дәрігерден пациенттің аты-жөні, белгіленген диагноз, препараттың атауы және қажетті қабылдау жүйесі көрсетілетін рецепт алыңыз. Медициналық құжаттарда емдеуші дәрігер мен бас дәрігердің қолы, мекеменің мөрі және ағылшын тіліне аудармасы болуы тиіс.

Дәрі-дәрмектерді қабылдау жөніндегі нұсқаулықтары бар фабрикалық қаптамаларда тасымалдау қажет. Препараттар саяхаттайтын елге келгеннен кейін әуежайда декларацияланады.

Сол жерде-ақ қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға болады, бірақ әдетте олар жергілікті дәрігердің рецептімен ғана қолжетімді. Бұл жағдайда клиникада қабылдау үшін бөлек төлеуге тура келеді.

Егер сақтандыру болса, дәрігерге бару үшін компанияның қолдау қызметіне хабарласып, келісуге болады. Ол ауру сақтандыру құжатын толтырғаннан кейін пайда болған жағдайда ғана төлейді. Қалған дәрілерді кеденнен рецептсіз өткізуге болады. Саяхатқа алдын ала дайындалу күйзеліссіз демалуға мүмкіндік береді.

Новости Казахстана
Саяхатшының дәрі қобдишасы: Өзіңмен бірге шетелге не алу керек